Тез жұғады: Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тез жұғады: Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

15.12.2020

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі пайда болды. Ғалымдардың болжамынша, ол адамнан адамға жылдам жұғады. Инфекцияның жаңа штаммы 60 шақты ауруханада мыңға жуық адамнан тіркелген. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған вирустың «әдеттен тыс ерекшелігі» әзірге байқалмады деп отыр.

Нидерланд 5 аптаға қатаң карантин жариялады. Азық-түліктен басқа барлық дүкендер жабылады. Мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтан оқыту режиміне ауысуы тиіс. Тәулігіне 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқандықтан, ел билігі осындай шара қабылдауға мәжбүр.

Ал АҚШ-та ковидтен қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты. Мұнда індеттен күніне екі жарым мыңдай науқас көз жұмады. Дендеген дертпен күресу үшін елде жаппай екпе егу науқаны басталды. Вакцинация орталықтары 150-ге тарта ауруханада ашылған. Препарат көктемге дейін 100 миллион американдыққа салынады деп жоспарланып отыр.

Жансая Қапасқызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу