Қазақстанда коронавирустың «Эрис» түрі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустың «Эрис» түрі анықталды

05.10.2023

Қазақстанда коронавирустың Эрис түрі қыркүйекте тіркелген. Вирус бір аптада кемінде 100 адамнан анықталып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінде бұл вирус әлемнің 73 елінде анықталған. Эрис штамының ауру белгілері тұмауға ұқсас: бас ауырады, мұрыннан су ағады, тамақ ауырып, жөтел қысып, әлсіздік пайда болады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біздің елімізге Омикронның «Эрис» деген түрі келді. Вирус коронавирустық уақытқа, қоршаған ортаға қарап бейімделіп, әртүрлі мутацияға ұшырап жатыр. Осы бір айдың ішінде аптасына 110 адам короновирустық инфекцияға шалдығып отыр.


Алматыда 51 сыныптың оқушысы онлайн оқиды

Балалар арасында қызылша дерті басылмай тұр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Алматыдағы 16 бастауыш сыныптан қызылша анықталғанын жеткізді. Қазір 51 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшкен. Жалпы жыл басынан бері 7500 мыңнан аса адам қызылша жұқтырған. Бас санитардың айтуынша, бұл ауруға шалдыққан балалардың 70 пайызы вакцина салдырмаған.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Алматыдағы мектепте қызылшаның алдын алу үшін 51 сынып онлайн оқуға жіберілді. Балалардың жағдайы орташа түрде барлық балалар қызылша диагнозымен стационарда ем алады.


Хабарламаларға жазылу