Қазақстанда импорт үлесі төмендеді - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда импорт үлесі төмендеді - министр

15.12.2020
Қазақстанда импорт үлесі төмендеді - министр

Соңғы үш жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің едәуір өскені байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. 

Айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларында өнім шығару көлемі 2018 жылғы 8,9 трлн теңгеден 2019 жылы 10,1 трлн теңгеге дейін өсті. Биыл өсім жалғасты. 10 айда нақты көлем индексі 104 пайызды құрады.

«Дайын, өңделген тауарлардың өсуіне байланысты импорт үлесі төмендеп жатыр. Тұтынуда қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі өсуде. Биыл отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 проценттік тармаққа өсті», - деді ол.

Министр сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын да айта кетті. Атап айтқанда, берілетін мемлекеттік кепілдік мөлшері ұлғайтылған, ал кепілдік беру мерзімі 2 есе қысқарған. Бағдарлама мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзарып, кредиттеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге өскен.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады. Ең көп қаржыландырылған жобалар азық-түлік өнімдерін (сүт өнімдері, ет өнімдері, макарон), құрылыс материалдары мен металл бұйымдарын, пластмасса, жиһаз және киім өндіру салаларында», - деді Дәленов.
Үкімет отырысы Қарапайым заттар экономикасы

Хабарламаларға жазылу