Алматы әкімдігі биылғы мерекелік шыршаларға қаржы бөлінбейтінін жеткізді
Әлемдегі ушығып бара жатқан эпидемиялық жағдай әр адамды ойлантуы тиіс. Бастысы, барлық шектеу шарасын ұстануға әдеттенетін кез келді. Алматылық эпидемиологтар тұрғындарға ковид кезінде күтінуге қатысты кеңестерін беріп отыр. Індетті таратпай, барынша сақ жүру үшін не істеу керек? Дәрігерлердің кеңесін Жазира Оразқызы тікелей эфирде баяндауға әзір.
Жазира Оразқызы, тілші:- Алматылық дәрігерлердің айтуынша, қазір әлем елдерде індеттің екінші немесе үшінші толқыны, яғни, аурудың өсуі байқалуда. Бұған бірден-бір себеп - халықтың карантиндік режимге жауапсыз қарауы,- дейді мамандар. Сондықтан алматылық эпидемиологтар алда келе жатқан мерекелер қарсаңында шетелге шығуды шектеп, қаладан тыс сапарламаған дұрыс деп отыр. Ал шығу қажет болса, онда бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, барынша карантин шараларын ұстануды ескертті. Сондай-ақ дәстүрлі жаңажылдық кештерден бас тартып, мерекені отбасында атап өтуге кеңес берді. Жаңа жыл демекші, Алматы әкімдігі биыл қаланы безендіруге, мерекелік шыршаларға қаржы бөлмейміз деп отыр. Былтырғы шыршалар Тәуелсіздік күнінен кейін қалпына келтіріліп, орнатылады. Пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар да болмайды. Жаңа жылдық отшашу да қарастырылмаған. Әкімдіктің мәліметінше, биыл бюджет қаражаты негізінен коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталған.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:03