Қазақстанда азық-түлік 10,8 пайызға, киім-кешек 4,7 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда азық-түлік 10,8 пайызға, киім-кешек 4,7 пайызға қымбаттаған

10.12.2020
Қазақстанда азық-түлік 10,8 пайызға, киім-кешек 4,7 пайызға қымбаттаған

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.

Айта кетейік, Үкімет отырысында  2020 жылғы қаңтар-қарашадағы республикалық бюджетті ң орындалуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралып жатыр. 

Досаев атап өткендей, қарашада инфляция деңгейі бір ай бұрынғы 7,1% көрсеткіштен 7,3% көрсеткішке жеткен. 

«Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосты. Нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің, мәселен, өсімдік майы, қант сияқты өнімдердің теңгерімсіздігі күшейгеннен кейін, азық-түлік тауарларының бағасы бір жылдағы 10,7%-дан 10,8%-ға дейін қымбаттады. 
Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның жылдам өсуіне киім бағасының  4,7%-ға артуы себеп болып, жалпы азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы 5,6%-дан  5,7%-ға өсті», -деді Ерболат Досаев.

Қарашада тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, мәдениет пен демалыс саласындағы қызметтер бағасы қымбаттаған соң, ақылы қызметтер инфляциясы  4,1%-ға өскен. 


Хабарламаларға жазылу