Қыркүйек айында инфляция 0,5 пайызды құрады
Елімізде қыркүйек айындағы инфляция 0,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азық-түлік тауарлары өткен айда 0,3, азық-түлік емес тауарлары - 0,5 және ақылы қызметтер - 0,7 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, қияр 22,9, лимон - 17,2, тауықтың сирағы - 5, тауық - 4,3, күріш - 3,1, ұн - 2, шикі сүт - 1,6, өсімдік-сары майы - 1,2, жаңа ауланған балық, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе - 1, сөк, шұжық, ет өнімдері - 0,9, нан, кондитерлік өнімдер - 0,8 және макарон өнімдері - 0,7 пайызға өскен.
Ал, жүзім 11,1, картоп - 10,7, жаңадан жиналған көкөністер - 8,7, алмұрт - 4,7, қант - 1,1, қарақұмық жармасы - 0,6 пайызға төмендеген.
Фото: sakha.today
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
UNICEF «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ
12.02.2026, 17:30
Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
12.02.2026, 17:28
Кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптары қатаңдатылады
12.02.2026, 17:26
Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
12.02.2026, 17:24
Ким Чен Ын қызын басшылық қызметке дайындауда
12.02.2026, 17:22
Германиядағы шеруден 70 мың жолаушы зардап көрді
12.02.2026, 17:20
Бельгиялықтар үнемдеуге қарсы шеруге шықты
12.02.2026, 17:18
ШҚО-да 71 елді мекенге қарғын су жайылуы мүмкін
12.02.2026, 17:15