Елорданы газбен қамту жұмыстары 2023 жылы толық аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданы газбен қамту жұмыстары 2023 жылы толық аяқталады

09.12.2020

Қазірдің өзінде 1000 шақырым газ құбыры қалаға жеткізілді. Елорда әкімі бұл жоспардың үш кезеңнен тұратынын айтады. Қаланың кей аймақтарында құбыр тарту жұмыстары аяқталды. Осылайша бірнеше жылда шаһар көгілдір отынға қолжеткізіп, көк түтіннен біржола арылады.  

Қаланы ластайтын үш фактор бар. Ол жылу электр станциясы. Жеке үйлердің түтіні және көліктер. Егер қалаға газ тартылса, алғашқы екі фактор жойылады. Газ демекші, қазір қаланың ішіне газ магистральдары салынып жатыр. Алғашқы кезеңге сәйкес, 300 шақырым құбыр тартылды. Егер алдағы үш жылда газдандыру жұмысы толық аяқталса, қаладағы қалдықтар шығыны 40 мың тоннаға азаяды.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:  
-Үш кезеңнен тұрады. Барлығы газға қосылады. Әрине, оң септігін беретіні сөзсіз. Себебі, ауаға шығатын түтін азаяды.  

Елорада 48000 отбасы үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін оның 8000-ы баспаналы болады. Шаһардаға 200-ден астам үй апатты деп танылған. Олардың да үйлі болу мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі. Тағы бір өзекті мәселе - алаяқтарға алданған үлескерлер. Қазір 15000-ға жуық тұрғын өз үйіне кіре алмай жүр.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:  
-52 нысанның 10-ын аяқтадық. Келер жылы 20-сын аяқтаймыз. Сонда 2еседен астам проблемалық үйлердің мәселесі шешіледі. Кестеге сәйкес, алдағы үш жыл бітіреміз деп отырмыз.  

Елордадағы ЛРТ-ның құрылысына зейнетақы қорынан немесе Ұлттық банктен қаржы қарастырылып жатқан жоқ. Жолды салу жұмыстары қашан қолға алынатыны белгісіз. Себебі, пандемияға байланысты қазір экономикалық ахуал шатқаяқтап тұр- деп түсіндірді қала басшысы.

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
-Алдағы 5 жылда елордада кемі 50 мектеп салынады. Бұл шараға инвесторлар тарту көзделген. Осылайша үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешіледі. Сондай-ақ әкім қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысына тоқталды. Биыл қар күреу жұмыстары былтырғыдай емес, уақытылы жүзеге асуы тиіс. Оған жұмыс күші де техникалық мүмкіндік те жетеді дейді мегаполис басшысы.  

Раушан Сайлауқызы


Елорда газ 2023

Хабарламаларға жазылу