Үркердегі құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үркердегі құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады

29.03.2014
Үркердегі құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады
Біз кеше Астананың іргесіндегі «Үркер» тұрғын алабы халқы жолдың азабын тартып отырғандығын жеткізген едік. Осы мәселеге байланысты ұлттық арна тілшілеріне бүгін Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары - Бауыржан Жұмажанов мырза жауап берді. «Жалпы бұл шағын ауданда 2008 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2016 жылдың аяғына дейін бітуі тиіс. Жобаның сағызша созылуы республикалық бюджеттен қаражаттың уақытында бөлінбеуіне байланысты»,-дейді мамандар.
 
Бауыржан Жұмажанов, Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары:
Биылдыққа қаражат тағы да қарастырылмаған, біз өтінім жасап отырмыз, басқа объектілерден ең бастысы бірінші, екінші кезекті бітіруіміз керек деп жоспарлап отырмыз. Соған байланысты деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу