Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновты қабылдады

24.11.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады. Алтай Көлгінов Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді. Әрі қаланы газбен қамту, инвестиция тарту, үлескерлік құрылыс нысандарын салуды аяқтау жұмыстары жөнінде баяндады. Айтуынша, биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған қолжетімді баспаналар, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Мәселен, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін өсіп отыр. Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары және елордада жүргізіліп жатқан вакциналау жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Хабарламаларға жазылу