Талдықорғанда қала күні қарсаңында 320 орындық балабақша пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қала күні қарсаңында 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

30.09.2016
Талдықорғанда қала күні қарсаңында 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

Талдықорғанда қала күні қарсаңында 320 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі мекеме ғимаратын жеке кәсіпкер өз қаражатына салып, ішін бастан-аяқ жабдықтады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде бой көтерген балабақшада 16 топ ашылып, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгінде қала бойынша 8 мың бала бөбекжайға барады. Балдырғандарды бақшамен қамту көрсеткіші - 85,8 пайыз. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 87 пайызға жеткізу жоспарланған.  

 

Қуаныш Қанаұлы

 

Хабарламаларға жазылу