Ақтөбеде екі спорт кешені мен мектеп қолданысқа берілді
Ақтөбе облысының Кенқияқ және Шұбарши ауылдарында Тәуелсіздік күні қарсаңында екі спорт кешені мен бір мектеп ашылды.
Темір ауданының Кеңқияқ ауылындағы бұл нысанның құрылысына бюджеттен 270 миллион теңге бөлінген. Кешенде күрес, баскетбол және волейболмен айналысуға болады. Сондай-ақ, жаттығу залы жасақталған. Дәл осындай спорт кешені көршілес Шұбарши ауылында да ашылды. Сондай-ақ, 320 орынға шақталған мектеп пайдалануға берілді. Ғимараттың жалпы аумағы 5 000 шаршы метрден асады. Жанында 60 орындық интернаты да бар.
Төрехан Маратов, жаттықтырушы:
Осыған дейін бос, ескі залдарда айналысып жүрдік. Футбол, баскетбол, волейбол секілді спорт түрлерімен айналысып жатыр балалар. Қазіргі осы зал көз қуантады. Қуаныштымыз осы залға келіп жатқанымызға. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған. Тек жаттығу жасау керек, ерінбеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
12.02.2026, 13:09
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33