Талдықорғанда қала күні қарсаңында 125 орындық балабақша пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қала күні қарсаңында 125 орындық балабақша пайдалануға берілді

28.09.2017

Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылып отыр. Бүгінгі заман талабына сай салынған ғимарат барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Балдырғандарға сабақ үш тілде жүргізіледі. 4 уақыт тамақтанып, ән-би үйірмелеріне қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ, әр ата-ана өз балаларын онлайн режимде қадағалап отыра алады. Жалпы, облыс орталығы бойынша биыл 5 жаңа балабақша қолданысқа берілді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу