Атырау облысында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

16.10.2014
Атырау облысында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

Атырау облысының Махамбет ауданында заманауи үлгідегі 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Бұл нысан аудандағы 17-ші балабақша.

Айта кету керек, жыл соңына дейін аудан орталығында тағы дәл осындай бүлдіршіндерге арналған мектептке дейінгі мекеме тапсырылмақшы. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауданға қарасты Таңдай, Алмалы ауылдарында да балабақшалар салынатын болады.

Бұдан басқа, бұл күні жас мамандарға қос пәтерлік 5 үйдің кілттері табысталды. Биыл Махамбет селосында жас мамандарға арналған  көп қабатты 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталады.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу