Келер жылы Астанада 8 балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы Астанада 8 балабақша салынады

21.12.2014
Келер жылы Астанада 8 балабақша салынады

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындарының балабақшаларға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Құрылыс басқармасымен бірлесе отырып, мектепке дейінгі мекемелерді салу бағдарламасын қолға алды, деп хабарлады astana.kz. 

Қазіргі таңда 480 орындық екі балабақшаның құрылысы аяқталды. Олар - Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы 240 орындық балабақша және Нәжімеденов, Мирзоян көшелерінің қиылысындағы 240 орындық балабақша.

2015 жылы пайдалануға берілуі жоспарланған тағы да 8 балабақша салынып жатыр:

1. Түркістан-Орынбор - № 25 и №26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша.
2. Көктал-2 тұрғын алабында балаларды тәулік бойы қалдыруға болатын 240 орындық мамандандырылған санитарлық мектепке дейінгі мекеме;
3. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша.
4. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №2 балабақша.
5. Комсомольский тұрғын алабында Қыз Жібек және Баян сұлу көшелерінің қиылысындағы 280 орындық балабақша.
6. Комсомольский тұрғын алабында Қыз Жібек және Ұлпан тұйық көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша.
7. №23 көше ауданында (Орынбор және №36 көшелердің арасында) 240
8. Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша.

Хабарламаларға жазылу