Түркияда пандемияның үшінші кезеңі басталды

27.11.2020

Түркияда пандемияның үшінші шарықтау кезеңі басталды. Алдағы күндері кей елдермен әуе қатынасы тоқтатылуы да мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрі егер жағдай осылай жалғаса берсе алдағы күндері карантиндік шаралар қазіргіден де күшейе түсетінін айтты. 

Айдос Әшімұлы, тілші: 
Түркияда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артып жатыр. Стамбул, Бурса, Измир сияқты үлкен қалаларда коронавирус жұқтырғандардың көбейгені сонша, елдің Денсаулық сақтау министрі бұл қалаларда пандемияның үшінші шарықтау кезеңі басталды деп хабарлады. Ал тағы 15 қалада бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 50 пайызға көбейген. Егер осылай жалғаса берсе карантиндік шаралар бұдан да күшейе түсетінін айтты министр.
Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:
Егер жағдай оңалмаса, алдағы күндері эпидемиологиялық ахуалы нашар елдермен арадағы әуе қатынасын тоқтатуымыз да мүмкін. Бүгінде кей елдермен әуе қатынасы тоқтап тұр, ал кей елдерден келген жолаушыларды вирусқа тапсырылған тесті болмаса елге кіргізбеу тәртібі бар. Алдағы күндері бұған қатысты нақты шешім шығарылады. 
Айдос Әшімұлы тілші: 
Сондай-ақ, Түркияда бұған дейін нақты симптомы бар науқастар ғана есепке алынып келсе, бүгіннен бастап коронавирус жұқтырған, алайда ешқандай науқас белгісі жоқ адамдар да есепке алынатын болды. Соңғы ақпаратқа сай бір тәулікте барлығы 28 мыңнан астам адамның коронавирус табылған, ал нақты симптомы бар 6 800 науқас тіркелді. Бұдан бөлек Түркия Қытайдан 50 млн дана вакцина алу туралы келісімге қол қойды. Келесі айда вакцина жаппай салына бастайды. 


Түркия індет Денсаулық сақтау министрі

Хабарламаларға жазылу