«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің үшінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің үшінші кезеңі басталды

17.11.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясында медиамектептің үшінші кезеңі басталды. Журналистика, кино және телевизия саласында оқып жатқан 131 студент дәл осы жобаға қатысуға өтініш берген. Іріктеліп, үздік деп танылған 38-і медиамектепке қабылданды. Енді олар 7 ай бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарналарында және «Қазақ радиоларындағы» мамандардан шығармашылық және техникалық бағытта тегін білім алады. Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі. Білім алушыларға алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, медиамектеп қара шаңырақ – «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен 2021 жылы құрылды.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы:

Үшінші маусым деп жатырмыз ғой. Осы екі жылдың ішінде медиамектептің 13 түлегі біздің арамызда жұмыс істеп жүр. Біз сіздердің іштеріңізден ертең болашақта өзімізге керек мамандарды таңдаймыз. Сол қатарға қосылуға тырысу керексіздер.

Алмагүл Тастанова, медиамектеп қатысушысы:

Үздіктердің ішінен іріктеліп, жүйріктердің қатарына қосылып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл біз үшін берілген үлкен мүмкіндік. Неге? Өйткені біз университет қабырғасында алған теориялық білімді толығымен практикалық жүзінде, қолмен ұстап, көзбен көріп, кәсіби мамандармен тікелей жұмыс жасай алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу