Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр

10.08.2014
Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр

Түркияда бүгін, 10 тамыз күні ел президентін сайлау науқаны басталды.

Ел халқы Абдулла Гүлдің орнына жаңа президент сайлайтын болады.

Түркия президенттігіне 3 үміткер таласуда. Олардың қатарында, мемлекеттің қазіргі Үкімет басшысы Реджеп Тайып Ердоған сауалнаманың соңғы нәтижесі бойынша көш бастауда. Оны өкшелеп келе жатқандардың бірі оппозициялық партияның белсендісі Экмеледдин Ихсаноғлу. Үшінші үміткер күрдтердің мүддесін қорғаушы Селахаттин Демирташ Халықтық демократиялық партияның жетекшісі болып табылады.

Ел аумағында 165 мың сайлау бөлімшелері ашылды. Шараға 53 миллионға жуық адамның қатысуға құқы бар. Шетелдерде тұратын 2,7 миллион түрік азаматтары да таңдау жасамақ.

Түркияның қазіргі басшысы Абдулла Гүлдің президенттік құзыры 28 тамызда аяқталады. Егер сайлауда үміткерлердің ешқайсысы 51 пайыз дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші туры 24 тамызда өтеді деп жоспарланған.

Түркияда президент 5 жылға сайланады.

Хабарламаларға жазылу