«Nur Otan» партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін жариялады
Ауылға баратын мамандар үшін енді жер телімі беріледі. Бұл үрдіс жыл сайын жалғаспақ. Бұдан басқа, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы, студенттердің шәкіртақысы тағы өседі. Бүгін «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Сонымен қатар саяси ұйымның Мәжіліс сайлауына партиялық тізімі бекітілді. Оған 126 кандидат кірген. Олардың 77-сі партияішілік праймериз қорытындысы, 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталған. Жалпы, тізімде Мәжілістің қазіргі қызметтегі депутаттары 20%-дан аспайды. Есесіне тізімнің үштен бірі – әйелдер. Орташа жас бұрынғылармен салыстырғанда 4 жылға төмен, яғни - 48 жас.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:«Біз біргеміз» ұраны қазақстандық патриотизмнің формуласына айналды. Пандемияның ең қиын кезеңінде шын мәнінде бірге болдық. Партия мен оның белсенділері халықты біріктіруде өлшеусіз рөл атқарды. «Nur Otan» нақты істердің партиясы екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Бізге дамудың жаңа парадигмасын құру керек. Оған биліктің барлық тармақтары Президенттен бастап, Үкімет, заң шығарушы органдар күш салуы керек. Алдағы сайлаудың маңызы зор.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08