Тоқаев Алматыда 9 емен мен 4 қарағашты аралағандарды жазаға тарту керек дейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Алматыда 9 емен мен 4 қарағашты аралағандарды жазаға тарту керек дейді

24.11.2020
Тоқаев Алматыда 9 емен мен 4 қарағашты аралағандарды жазаға тарту керек дейді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды», - деп жазды пресс-хатшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын, - деп еске салды Уәли. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қаласының белсенділері Төле би көшесінің Sulpak дүкені орналасқан жерде оншақты ағаштың араланғанын анықтап, әлеуметтік желіде дүкенге байкот жариялаған. Бірнеше БАҚ хабарлағандай, ағаштың оталуына дүкеннің қатысы бар, өйткені, дүкен әкімшілігімен келісімшарт жасасқан мердігер дүкеннің айналасын абаттандырамын деп, кәрі ағаштарды кесіп тастаған. 


ағаш Алматы

Хабарламаларға жазылу