Ескі көлік өткізгендер 14 млрд теңге өтемақы алды

23.11.2020

Азаматтар 160 мыңға жуық ескі көлікті утилдеуге өткізіп, 14 млрд теңгеден аса өтемақы алды. Тозған автомобильді қайта өңдеу бағдарламасы басталғалы көлік тапсырғандарға 54 мыңнан аса жеңілдік сертификаты берілген. Биыл істен шыққан автомобиль үшін 200 мың теңгеге дейін алуға болады. Бұрын бұл шамамен 150 мың теңгені құрайтын. Ал ауылшаруашылығы техникасы бойынша тұрғындар 33 трактор мен 14 комбайн өткізген. Істен шыққан техника Қарағандыдағы утилдеу зауытына жіберіледі. Зауытта қазір 146 мыңнан аса техника өңделген.   

Ақерке Бектас 


Ескі көлік өтемақы автомобиль

Хабарламаларға жазылу