Утилизациялық алым өзге мемлекеттерде қалай жүзеге асады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Утилизациялық алым өзге мемлекеттерде қалай жүзеге асады?

15.01.2022

Утилизациялық алым Ресейде 2012 жылы енгізілді. Алғашында оны тек импорттаушылар төлейтін. 2014 жылдан бері көлікті сатып алушыға да міндеттелді. Автомобильдер үшін базалық мөлшерлеме - 20 000 рубль, жүк көліктері мен автобустар үшін-15 000 рубль болатын . Соңғы бір жылда коэффициенттер өзгеріп, ең азы 48 мың 200 рубльге жетті. Ал заңды тұлғалар үшін утилизациялық алым 444 мың 400 рубльге дейін барады. Сондықтан соңғы жылда көлік бағасы қымбаттап кетті.

Еуропада автокөліктер үшін төленетін утилизациялық алымның бағасы 100 еуродан аспайды. Нидерландта тіпті 45 еуро. Көлік иесі тиісті соманы темір тұлпарды тіркеуге қоярда төлейді. Германияда утилизациялық төлем жаңа көліктің құнына қосылады. Ескірген машинаны автоконцернге немесе арнайы өңдеу орталықтарына қайта өткізгендер 150 еуро сыйақыға ие болады. Былтыр ЕурОдақ елдерінде утилизацияға тапсырылған 6 млн жеңіл автокөліктің 95 пайыз бөлшегі қайта өңделген. Қазір қарт құрлықтың ескі көліктерді қабылдау орталықтары 1,5 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Дегенмен, Еуропа елдерінде жұмыссыздық әлі дендеп тұр. Қарт құрлықта қазір 18 млн адам жұмыссыз. 

Қазір ЕурОдақта 24 млн адам кедей. Көшбасшы экономика саналатын Германияда инфляцияның кесірінен соңғы 28 жылда көтерілмеген азық-түлік бғасы 3,8 пайызға өсті. Бұдан бөлек Германия, Бельгия, Дания, Испанияда электроэнергияның құны қазір 1 кВт сағатына 32 цент, бізше 150 теңге. Тұрмысы төмен отбасылар қазір тегін азық-түлік тарататын қайырымдылық дүкендерінің есебінен күн көруге мәжбүр. 

Хабарламаларға жазылу