Ескі көліктерді утилизацияға қабылдау келесі жылдың 5 қаңтарынан қайта басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескі көліктерді утилизацияға қабылдау келесі жылдың 5 қаңтарынан қайта басталады

28.12.2021

Елде ескі көліктерді утилизацияға қабылдау келесі жылдың 5-ші қаңтарынан қайта басталады. Бұл жолы тозығы жеткен машиналарды қабылдауға 70 мың квота бөлініп отыр. Сондықтан жаңа жылдан бастап көлік өткізудің электрондық кезегі ашылып, 18 бекет өз жұмысын бастайды. Ал өтемақы автомобильдің санаты мен жиынтығына байланысты болмақ. Яғни оның мөлшері 165 мыңнан 606 мың теңгеге дейін. Айта кетейін биыл қазақстандықтар 50 мыңнан аса ескі көлікті жоюға тапсырған. Оларға төленген өтемақының сомасы 14 миллиард теңгеге жуықтайды. .  

Хабарламаларға жазылу