Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.
Мұнда Мемлекет басшысы құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен танысты. Пандемия кезіндегі білім беру процесін ұйымдастыру ісінің барысына қанықты. Қалада үш ауысымды мектептер санын азайту үшін салынған білім ордасы 1200 оқушыға шақталған.
Сондай-ақ Президент үлкен және үстел тенисі орталықтарын аралап шықты, бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты. Әсіресе, жасөспірімдерді спорт алаңдарына тарту маңызды деді. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар индустриалды өндіріс орындарында, атап айтқанда патрон шығаратын және Ферроқорытпа зауыттарында болды. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысып, «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барды.
Досжан Маратұлы