Министр медицина қызметкерлеріне араша түсті

20.11.2020

Солтүстік Қазақстанда аурухананы тексеруге барған прокуратура мен полиция қызметкерлерінің дөрекілігі әлеуметтік желіде жұрттың наразылығын тудырды. Олар медицина қызметкерлерін сұрақтың астына алған. 

Осыған орай, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісінде жазба жариялады.

Онда: «Мұндай келеңсіздіктер назардан тыс қалмайды, медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалатынын айтқым келеді. Елдегі эпид жағдайды тұрақтандыруда дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін ескере отырып, бәріне төзім мен сабыр тілеймін» - делінген.   

Сағындық Сәбитұлы


Министр медицина қызметкерлері Алексей Цой

Хабарламаларға жазылу