Сайрагүл Сауытбайға белсенділер араша түсті

18.07.2018

Сайрагүл Сауытбайға қоғам араша сұрайды. Ол Қытайдан Қазақстанға заңсыз өтті деген айыппен ұсталған еді. Бірақ, қытайлық азаматша Шыңжандағы қиын жағдайдан бас амандығы үшін амалсыз қашқан көрінеді. Оның үстіне күйеуі мен бала-шағасы Қазақстан азаматтары, екі жылдан бері осында тұрып жатыр. Ал, Сайрагүл Сауытбай әлі көрші ел азаматшасы.

Ол кезінде компартияның мүшесі болған. Сондықтан, отбасы көшкен кезде көрші ел оның құжаттарын бермеген. Қазіргі жағдайда ол тарихи отанына жансауға сұрап келіп отыр, дейді қоғам белсенділері.

Екі ел азаматтары мен қоғам белсенділері және ғалымдар оған араша түсіп, Қытайға қайтармауға әрекет етуде. Қазір Сайрагүл Сауытбай Алматы облысы, Панфилов аудандық Ішкі істер басқармасының уақытша қамау орнында отыр.  

Хабарламаларға жазылу