Медицина қызметкерлеріне арналған сөздік шықты

20.09.2014
Медицина қызметкерлеріне арналған сөздік шықты

ҚР ҚК Бас әскери медицина басқармасының аға офицері Үрбайза Абитова медицина қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілде сөздік  дайындап  шығарды. 

Әскери қызметкердің  бұл жұмысы   «Конгресс-Холл» сарайында  өткен «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» атты  салтанатты  шарада жоғары бағаланды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Тілдер мерекесіне орайластырылған кешке республикамыздың барлық аймақтарының өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу