Е.Біртанов дәрігерлердің шағымына жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Біртанов дәрігерлердің шағымына жауап берді

02.04.2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің шағымына жауап берді. Оны facebook-тегi парақшасында жариялады. «Менің құрметті әріптестерім» деп бастаған министр жағдайды былай баяндайды.

Басқа да дәрігерлерден өтініштер түсіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлiгi тізім жасау тетігі мен медицина қызметкерлеріне қосымша ақының қалай төленетіні егжей-тегжейлі қарастырылған қосымша бұйрық әзірлеу үстінде. Тiзiмге коронавирус инфекциясына қарсы күреске тартылған барлық медқызметкерлер енеді. Барлық шешім ашық түрде, комиссия алдында қабылданады» - деп жазды министр.

Соңында әрiптестерiнен сабырлық танытуды сұрап, қиын сәтте ауызбiршiлiкпен жұмыла жұмыс iстеуге шақырды. Айта кетейiк, бiрер күн бұрын коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқан бiр топ дәрiгер өздерiнiң шағымын жеткiзген болатын. Олар ауруханада дәрiгерлер үшiн жағдайдың жасалмағанын және жалақыларына ешқандай да үстеме қосылмағанын ашына айтқан.


Хабарламаларға жазылу