Медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлемдері апта соңына дейін түсе бастайды

08.04.2020
Медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлемдері апта соңына дейін түсе бастайды

30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-те жазды.

«4 сәуірде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойдым. Сол күні ол Әділет министрлігінде тіркелді. Онда барлық тәуекел тобы, төлем мөлшері мен тізімді қалыптастыру тәртібі айқындалған. Еліміздің өңірлерінде тиісті комиссиялар құрылды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің аты-жөндері көрсетілген тізімдер жасалды. Бүгін біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы барлық өңірдегі медициналық ұйымдардың есепшотына қаржы аудардық. Медицина ұйымдарының басшылары 1-2 тәуекел тобындағыларға қаражат аударуды бастайды. Ал апта соңына дейін барлық қалған медицина қызметкерлеріне аударылады. Қорытындысында 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу