Нұр-Сұлтанда АИТВ статусы бар балаларға 69 450 теңге төленеді - мәслихат шешімі

20.11.2020
Нұр-Сұлтанда АИТВ статусы бар балаларға 69 450 теңге төленеді - мәслихат шешімі

Елордада адамның иммунды тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға тоқсан сайын 13 890 теңге, сондай-ақ, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, 6 945 теңге көлемінде әлеуметтік төлем беріледі. Ал, қалалық мәслихат қазан айынан бастап 18 жасқа толмаған балаларға 69 450 теңге көлемінде төлем беруді ұйғарған. 

«2020 жылдың қазан айынан бастап қалалық мәслихаттың шешімімен АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға 69 450 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі», - деп хабарлаған ЖИТС орталығы. 

Қазір диспансерде 1287 адам есепте тұр, оның ішінде 785 ер адам, 502 әйел адам бар. Соның ішінде, 432 әйел бала туа алатын жаста.  АИТВ жұқтырған бес әйел 3-4 рет жүкті болып, дені сау бала босанған. 

«Ал, ЖИТС орталығында 18 жасқа толмаған 20 науқас есепте тұр», - деп хабарлайды дереккөз. 


АИТВ Нұр-Сұлтан ЖИТС мәслихат әлеуметтік көмек

Хабарламаларға жазылу