Алматы облысы мен Шымкентте карантин ұзарды

20.11.2020

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Алматы облысы мен Шымкент қаласында карантиндік шектеу мерзімі тағы ұзарды. 

Алматы облысы бас санитар дәрігері қол қойған қаулыға сәйкес қоғамдық орындарда үш адамнан артық топталып жүруге болмайды. Сондай-ақ жасы 65-тен асқан егде адамдардың сыртқа шығуын шектеу қажет. Қоғамдық көліктердің түнгі сағат 23.00-ге дейін жүруіне рұқсат етіліп отыр. 

Шымкент қаласында карантин мерзімі тағы екі аптаға, яғни 7 желтоқсанға дейін созылды. Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері де жұмысын жалғастыра береді. Олардың таңғы сағат 7.00-ден ден түнгі 23.00-ге дейін қызмет көрсетуіне рұқсат. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық кешендері, спорт барлар да апта бойында жұмыс істейтін болады. Бірақ мейрамханалар мен дәмханалардағы адам саны 50-ден аспауы тиіс. Ал автожуу, шиномонтаж, тігін шеберханасы, тұрмыстық техника жөндеу орындары, химиялық тазалау, компьютер жөндеу секілді шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмысы келесі аптадан қалыпты режимге көшеді. 

Ғани Қалмахан


Шымкент Алматы облысы карантин

Хабарламаларға жазылу