Ақтөбеде карантин ұзарды

16.11.2020

Ақтөбе облысында облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу шаралары ұзартылды. Яғни, бұған дейінгі ережелердің дені өзгеріссіз қалды. Алайда екінші тоқсаннан бастап 300 оқушысы бар мектептерде 15 баладан кезекші топтарды оқыта алады. Бұған дейін ол тек бала саны 180 оқушыдан аспайтын білім мекемелеріне ғана рұқсат етілген болатын. Қазірге дейін облыс аумағында 3412 адам кесел жұқтырған.

Жақсыбек Кемал

Ақтөбе облысы карантин

Хабарламаларға жазылу