Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзарды

08.04.2021

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты карантин мерзімі тағы екі аптаға ұзарды әрі шектеу талаптары қатаңдатылды. Жаңа қаулыға сәйкес осы кезге дейін жұмыс істеп келген бильярд, ойын-сауық клубтары секілді көңіл көтеру орындарының жұмысы қайта тоқтатылды. Мекемелерге қызметкерлерінің тең жартысын онлайн режимде жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Сондай-ақ осыған дейін 50 адамның қатысуымен еске алу жиындарын өткізуге берілген рұқсат та күшін жойды. Кинотеатрларға көрермен санын тағы 10 процентке азайту жүктелді. 

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:
Осы 12-нен бастап мешіттердің жұмысы бойынша жұма намазына тыйым салып отырмыз. Және қасиетті Рамадан айындағы тауарих намазы мен ауызашарларға да тыйым салынды. 

Ғани Қалмаханов

карантин шымкент

Хабарламаларға жазылу