Бюджет есебінен алынған 669 өкпені жасанды желдету аппараты жарамсыз болып шықты
Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынған өкпені жасанды желдету аппараттарының жартысына жуығы жарамсыз болып шықты. Бұл туралы Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев мәлімдеді.
«Биыл елімізде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа отандық өндірушіден 1500 өкпені жасанды желдету аппаратын салып алған. Алайда елдегі барлық денсаулық сақтау ұйымы іс жүзінде тек 831 аппаратты ғана қабылдаған», - деді ол Сенат отырысында.
Депутаттың айтуынша, қалған 669 аппарат толық жабдықталмаған болып шықты.
«Мәселен, Жамбыл облысында жеткізілген 53 аппараттың ешқайсысын пайдаға асыру мүмкін емес. Дәл осындай жағдай Түркістан облысында да кездеседі - 58 аппараттың барлығы толық жабдықталмаған», - деді Қылышбаев.
Осыған орай депутаттар тиісті мемлекеттік органдарға бюджет қаржысын тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16