20 қарашадан бастап Түркияда коменданттық сағат жарияланды
Түркияда коронавирус өршіп, карантин талаптары күшейді. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жұмадан бастап елде коменданттық сағат жарияланатынын айтты. Бұдан бөлек қоғамдық тамақтану орындары жабылып, мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Түркиядағы соңғы жаңалықтарды осы елдегі тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшімұлы, тілші:
-20 қарашадан бастап Түркияда коменданттық сағат жарияланды. Дегенмен бұл жолы көктемдегідей емес, оның уақыты шектеулі. Яғни сенбі-жексенбі күндері кешкі сегіз бен таңертеңгі он арасында ғана көшеге шығуға тыйым салынады. Бұдан бөлек вирусты жұқтыру қаупі жоғары саналатын, 20 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан азаматтар күніне тек үш сағат қана сыртқа шығуға ерікті. Сондай-ақ, мектептер мен университеттердің барлығы онлайн оқу форматына көшірілді. Ал қоғамдық тамақтану орындарынан тамақты тек өзімен бірге алып кетуге ғана рұқсат болмақ.Ал елдегі вирустың таралуына қатысты статистикаға тоқталатын болсам, бүгінге дейін Түркияда 421 мың адамнан коронавирус анықталса, қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты. Ал кеше бір тәулікте жыл басынан бергі ең көп адамға, яғни 3819 кісіге коронавирус диагнозы қойылды. Дегенмен елде карантин талаптары күшейгенімен әзірге шекараны жабу, ұшақ рейстерін тоқтату туралы мәселе көтерілген жоқ.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06