Енді egov-қа тіркелу үшін смартфон камерасынан келбетіңізді көрсету жеткілікті – Мусин
Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электронды үкіметті дамытуға қатысты жоспарларын айтты. Оның бүгінгі уәдесіне сай, енді бір айдан кейін халық электронды үкіметке бір ғана смартфонның көмегімен тіркеле алады.
«Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін egov-қа (Қазақстанның электронды үкіметі – авт.) көшудің басты қиындығы - ол электронды қолтаңба орнату, мобилді базада тіркелу. Осы мәселелерді шешу мақсатында порталда биометерия арқылы тіркелу пайда болады.
Енді egov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір бұл тетік сыналып жатыр, осы айдың соңына дейін іске қосамыз», - деді бүгін Үкімет отырысында Мусин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 10:26
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04