Қазақстандық банктерге биыл 1000-нан астам кибершабуыл жасалған

16.11.2020

Қазақстандық банктерге жасалатын кибершабуылдардың саны артты.  Сарапшылар бұған пандемия әсер етті дейді. Өйткені коронавирустың кесірінен бәрі онлайн кеңістікке ауысып жатқанда киберқылмыскерлер де көбейген. Әсіресе қаржы ұйымдарына фишинг шабуыл ұйымдастыратындар көп. Яғни картадан ақша ұрлау. Жыл басынан бері елімізде осындай мыңнан астам фишинг шабуыл жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Оның үстіне банктердің құпия мәліметтерін ұрлауға қатысты 130-дан астам факті тіркелген.  

Досжан Маратұлы 


банк кибершабуыл

Хабарламаларға жазылу