Солтүстік Қазақстан облысына биыл Европадан 1000-нан астам ірі қара мал әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысына биыл Европадан 1000-нан астам ірі қара мал әкелінді

11.06.2019

Жыл соңына дейін тағы 2000 сиыр жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өңірде ет экспортының санын арттыру мен сүт фермаларының жұмысын жандандыру бойынша қолға алынған ауқымды шараларлардың жемісі.

Соның бір мысалы Ақжар ауданындағы 4 шаруашылық Чехия мен Австриядан 390 асыл тұқымды сиыр әкелді. Осының арқасында ауылда жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздарды еңбекпен қамту бағдарламасы да орындалуда.

Төлеу Ахмутдинов, фермерлік қожалық жетекшісі:

Сүтті сиырларды көбейтеміз деп мақсат қойдық. Жоспарға қарай 61 бас сиырды Чехиядан «Сыбаға» бағдарламасымен 15 жылға алдық. Субсидиясын төлейтін болды. Сиырлар жақсы. Карантиннен өттік. Ешқандай ауру жоқ.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу