ШҚО-да «Абай алаңы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Абай алаңы» ашылды

13.11.2020

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай алаңы» ашылды. Алаңның қақ ортасына хәкімнің алып ескерткіші орнатылды. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі - 6 метр. Ал саябақ толық абаттандырылып, жан-жағына жарық қойылды. Бұл болашақта түрлі мәдени шараларды түнде де өткізіп, халықтың емен-еркін серуендеуіне де мүмкіндік береді. Сондай-ақ алаңның әр жеріне музыкалық субұрқақ орнатылды.

Хасен Зәкәрия, ақын:
Мұның бәрі халық үшін. Біз негізі Абайдан бастау алып, сөзімізді Абаймен бастап, ұрпақты Абаймен тәрбиелесек келешекте ұтылмайтынымыз хақ.

Қарағанды облысының Абай қаласында да ұлы ақынның ескерткіші бой көтерді. Бұған қоса Қарағандының өзінде ең үлкен даңғылдың бірі Ленин көшесі енді хакім есімімен аталады. Жыл басында қоғамдық тыңдау кезінде қала халқының 98 пайызы осы ұсынысты қолдап дауыс берген болатын. «Мекенжай тақтайшаларын орнатуға салық төлеушілердің қаржысы кетеді»,- деп қарсы пікір білдіргендер де болған еді. Алайда кәсіпкер Ерлан Әшім бұл шығынды толықтай өзі көтерді. 

Берік Көшербай

ШҚО Абай Құнанбайұлы

Хабарламаларға жазылу