Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты

13.11.2020

АҚШ-та жаңа антирекорд. Өткен тәулікте елде 144 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Техас пен Калифорния штаттарында науқастардың саны миллионнан асып кетті.

Еуропа елдері болса коронавирустың өршуіне байланысты, карантин талаптарын күшейтуді жалғастыруда. Францияда қайтыс болғандардың әрбір төртіншісі осы жұқпалы індет кесірінен қаза болуда. Тұрғындарға үйден тек арнайы рұқсат қағазбен шығуға болады. Елдегі төтенше жағдай ақпанның 16-на дейін ұзартылған.

Италия билігі жаппай карантин енгізуге қарсы. Шектеу шаралары әр өңірдің эпидемиялық жағдайына байланысты қабылданып жатыр. Алайда дәрігерлер науқастардың көптігінен, ауруханаларда орын жоқ деп дабыл қағуда. Елде соңғы тәулікте індеттен 636 пациент көз жұмған. 

Жансая Қапасқызы

АҚШ коронавирус Еуропа Италия

Хабарламаларға жазылу