Еуропа мен америкада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа мен америкада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді

12.11.2020

Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей жатыр. Елде ковид диагнозы қойылғандар 10 миллионнан асты. Соның 1 миллионы – Техаста. Бұл штатта науқастар госпитальдерге сыймағандықтан, далада емдейтін шатырлар құрылып, трейлерлер мәйітханаларға айналып жатыр. 

Ал Еуропада пандемияның екінші толқыны күшейді. Италияда инфекция жұқтырғандар 1 миллионнан асты. Ал Ұлыбритания COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 50 мыңға жеткен бесінші елге айналса, Франция індет жұқтырғандар бойынша Ресейді басып озып, континентте бірінші орынға шықты. 

Ал Данияда 17 миллиондай құндызды қыруға тура келіп тұр. Өйткені бұл жануарлардан адамдарға коронавирус тарайтыны анықталған. Сонымен қатар, әлемнің тағы бес елінің осындай фермаларынан ковид табылды.

Арыстан Рысбек

коронавирус статистика АҚШ Еуропа

Хабарламаларға жазылу