Еуропада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді

06.11.2020

Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаға коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін кеткен дәрігерлерді елге қайта кіргізбейтінін ескертті. Айта кетсек, қазір Еуропа мемлекеттерінде пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді.  

Әсіресе, Франциядағы эпидемиялық ахуал қиын. Мұнда бейсенбі күні 58 мыңнан астам адамнан «ковид» табылды. Соңғы төрт күнде елде осындай рекорд екініші рет қайталанып отыр. Жалпы алғанда, бұл мемлекетте коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллион 600 мыңнан асып кетті. Сондықтан, ай басында Францияда ұлттық карантин жарияланды.

Ал, АҚШ-та сәрсенбі күні қауіпті инфекция 105 мыңға жуық адамнан анықталды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Американың 50 штатының 17-де жұқтыру оқиғалары рекордтық деңгейге көтерілген.  

Жалпы алғанда, мұнда Covid-19 диагнозы 10 миллионға жуық адамға қойылып, одан 233 мыңнан астам америкалық қайтыс болды.

Арыстан Рысбек 


Еуропа пандемия Covid-19

Хабарламаларға жазылу