Коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз қажет – Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз қажет – Тоқаев

25.09.2020

Алматыға жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалында болды. 500 адамды стационарлық емдеуге арналған, заманауи құрылғылармен жабдықталған палаталарды аралап көрді. Бұл нысан коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде салынған. Екі корпусы, 45 реанимациялық бөлмесі бар. Жасанды тыныс алу аппараты секілді медициналық құрылғылар да жеткілікті. Дәрігерлермен емен-жарқын әңгімелескен пПрезидент денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мен еңбекақыны арттыру мәселелеріне тоқталды. Екінші толқынға дайын болуды тапсырды.   

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір бүкіл әлемдегі жағдай күрделі. Еуропа мен Америкада коронавирустың екінші толқыны өтіп жатыр. Осындай жағдайда біз қырағылық танытып, дайын болуымыз қажет. Ауруханаларыңыз жақсы. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу