Еуропа одағы тұрғындарының 14 пайызына ғана вакцина салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы тұрғындарының 14 пайызына ғана вакцина салынған

26.03.2021

Еуропа одағының лидерлері аймақ елдерінде пандемияның үшінші толқыны күшейіп жатқанда халықты вакциналауда сәтсіздікке ұшырап отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, екпе салу науқаны үш ай бұрын басталса да, одақта тұратын 450 миллион адамның 14 пайызы ғана вакциналаудан өткен. Салыстырып көрсек, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 46 пайызға жетіп отыр.

Аймақта мұндай жағдайдың қалыптасуына вакциналардың дер кезінде жеткізілмеуі мен аз өндірілуі және тарату проблемалары себепші болса керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу