Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 51 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 51 миллионнан асты

11.11.2020

АҚШ-та өткен тәулікте 134 мыңдай адамнан коронавирус анықталды. Елде жетінші күн қатарынан инфекцияға шалдыққандар саны 100 мыңнан азаймай тұр. Бір күнде 1450 адам көз жұмған. Бұл – тамыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Италияда індет жұқтырғандар саны миллионға жуықтап қалды. Жағдайдың ушығуына байланысты тағы локдаун жариялануы мүмкін. Ел аумағында вирус өршіп тұрған 7 аудан қауіпті деп танылған. 

Ал Францияда ұстаздар наразылық акциясына шықты. Олар мектептерде эпидемияға қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етіп жатыр. Елде желтоқсанның 1-не дейін оқшаулау режимі енгізілгеніне қарамастан, оқу орындары жұмыс істеуде. Сондықтан мұғалімдер сыныптағы оқушылар санын екі есе азайту қажет дейді.

Испанияда да ковидтен күніне мыңнан астам адам қайтыс болады. Вируспен күресу мақсатында ел үкіметі америкалық вакцинаны сатып алатынын хабарлады. Екпенің 20 миллион дозасы 2021 жылдың басында жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Жансая Қапасқызы

коронавирус АҚШ Италия

Хабарламаларға жазылу