Ұлтаралық татулық басты байлығымыз болуы керек – Елбасы

11.11.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның алдағы уақыттағы негізгі 4 мақсат-міндетін айқындап, болашақ бағдарын түзіп берді. Бүгін онлайн режимде ұйымның кеңесі өтті. Бұл жиын Ассамблеяның 25 жылдық мерейтойына арналды. Елбасы бұл меже өткенге көз жүгіртіп, болашақ жұмысты жоспарлауға себеп екенін айтты. Әрі басты байлығымыз ұлтаралық татулық болуы керек екенін тағы бір мәрте еске салды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы дәуірдің белесінде – күрделі де тағдыршешті 1995 жылы дүниеге келді. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, берекеміздің бастауы ретінде құрылған Ассамблея өзіне жүктелген қастерлі миссияны орындап келе жатыр. 130-дан астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату тіршілік етуде. Дегенмен Елбасы Қордай ауданында болған оқиғадан сабақ алып, бірлігімізге сызат түспеуі керектігін айтты. Бұдан бөлек Назарбаев қазіргі жахандану заманында әлем, өмір тіпті бөлек, сол себепті әрбір қазақстандық уақыт талабына сай болуы керектігін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленісті, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында құрылды. Бірақ біз дәл сол кезде өзіміз үшін бір нәрсені қабылдадық. Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек.

Шерхан Жамбылұлы


Елбасы ҚХА

Хабарламаларға жазылу