Үлкен төрттіктің саябағы, жаңарған Талдыкөл, жеңіл атлетика сарайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен төрттіктің саябағы, жаңарған Талдыкөл, жеңіл атлетика сарайы

11.11.2020
Үлкен төрттіктің саябағы, жаңарған Талдыкөл, жеңіл атлетика сарайы

Елордада жаңадан салынатын нысандар белгілі болды. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі qazaqstan.tv редакциясының ресми сауалына жауап берді. Ресми дереккөз қалада құрылысы басталған жаңа нысандар туралы ақпарат беріп, қазір сол жағалаудың ең ірі төрт көшесін қосатын үлкен саябақтың бірінші кезеңі салынып жатқанын хабарлады. 

«Мәңгілік Ел және Қабанбай батыр даңғылдары, Сауран және Хусейн Бен Талал көшелерінің төрттігі саябағын ашу, 1-ші кезекке қатысты. Мәңгілік Ел және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында жаңа мешіт салынады. Бұл Орталық Азиядағы мешіттердің ең үлкені болады, себебі сыйымдылығы 30 мың адам. Жоба дәстүрлі ою-өрнектер мен сәндік элементтерді қолдану арқылы жасалады. Мешіт алдында абаттандыру элементтері бар платформа жобаланған. Жалпы ауданы – 68062 м², мұнаралардың биіктігі – 130 метр. «Талдыкөл» көлінің оңтүстік-батысындағы рекреациялық аймақтар (туристік маршрут)» құрылысын аяқтау жоспарлануда», - деп хабарлады бізге әкімдік.  

Бұдан өзге, ел арасында «Жағалау» атанып кеткен ауданда  жеңіл атлетикаға арналған су жаңа спорт кешені салынбақ екен. Спорт нысаны салынатын аумақ тоғыз гектар, дәл ғимараттың өзі 36 мың шаршы метр жерге сыйяды.  

«Тұран даңғылы мен № 26 және Е № 51 көшелерінің қиылысында әлемдік деңгейдегі жеңіл атлетикалық спорт кешені пайда болады. Оның манежі әлемдік деңгейдегі жеңіл атлетикадан жарыстар өткізетін 7 мың көрерменге арналған. Бұл барлық инфрақұрылымы, соның ішінде қонақ үйі бар кешен болады деп жоспарлануда. Жер учаскесінің ауданы - 9,0843 га. құрылыс алаңы-21808 м². ғимараттың жалпы ауданы-36655 м²», - делінген ресми жауапта.  

Бұдан басқа, елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды иппотерапия әдісімен оңалтуға болатын ат спорт кешені салынады. Нысан ерекше мүмкіндіктері бар балаларды оңалтуға және халықаралық деңгейдегі «Ат-спорттық» іс-шараларды өткізуге арналған. Жобада жабық манеж, ашық жауынгерлік сайыс алаңы және жаттығу үшін ашық алаң құрылысы қарастырылған. 


Хабарламаларға жазылу