Қарағандыда жеңіл атлетика эстафетасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жеңіл атлетика эстафетасы өтті

05.07.2014
Қарағандыда жеңіл атлетика эстафетасы өтті

5 шілде күні Қарағандыда Астана күніне орай қалалар мен аудандардың дәстүрлі II жеңіл атлетика эстафетасы өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздік алаңында салтанатты митингімен басталған шараға  Қарағанды облысының әкімі  Нұрмұхамбет Әбдібеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері Асылхан Барменов қатысты.

 Шара барысында «Саған, Астана!»атты эстафета эмблемасы бар түрлі-түсті шар  ұшырылып, 5000-дай адам жалпыхалықтық жүгіруге қатысты. Олардың арасында балалар, жастар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, велошабандоздар, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. бар.

«Шахтер» стадионына алғаш келген 200 қатысушыға сертификаттар беріліп, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық қатысушыларға қымыз және бауырсақтан дәм татқызды.

Дәл осы жерде 16 команда қатысқан қалалар мен аудандардың эстафетасы өтті. Теміртауға дейінгі жолда жарысқан сайыста жеңіске жеткендер мыналар:

Қалалар арасында  үшінші орын – Саран, екінші орын – Теміртау, бірінші орын – Қарағанды қаласына берілді. Аудандар арасында көш басында Абай ауданы тұрса, екінші орын Шет ауданының спортшыларына бұйырды, ал үшінші орынды Осакаров ауданы алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Хабарламаларға жазылу