Директорлар онлайн оқыту сәтті болды десе, ата-аналар білім артпағанын айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Директорлар онлайн оқыту сәтті болды десе, ата-аналар білім артпағанын айтады

08.11.2020

Осы аптада бірінші тоқсан аяқталды. Мектеп директорлары онлайн оқыту сәтті жүзеге асты десе, ата-аналар балалардың компьютерді қолдану дағдысы жақсарған шығар, бірақ білімі артқан жоқ деп есептейді. Мысалы, біздің қазір беретін материалдың кейіпкері Мөлдір Сәрсенбаева есімді ата-ана «балалар мазмұндама жазуды ұмытты, шығарма жазуды ұмытты, тек ғана көшіріп алады» дейді. Білдіртпегенімен мұғалімдердің де қиналып жүргені рас, түске дейін кезекші сыныпқа сабақ беріп, түстен кейін онлайн сабақ беріп, түн ортасы ауғанша жауаптарды тексеріп, әбден қажыған мұғалімдер бар.    

Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің дерегінше 2,6 миллион оқушы қашықтан оқып жатыр. Бұл барлық оқушының 76 проценті. Сонымен бірге қашықтан оқып жүрген оқушылардың бәрі бірдей компьютермен қамтылмағанын профильді министрлік растайды. Ал интернет жоқ елді мекендердегі ахуалды бәрі біледі. Оқу жылының басында біз де сюжет бергенбіз - тау-тасқа өрмелеген балалар, құлап кете ме деп алаңдаған ата-ана. Бірақ тау-тас болса да жақсы екен, жазық далада тұратындар дөң іздеп, ауылдан ұзап кетеді. Бұл енді ирония. Тақырыпты Данияр Қайыртай зерттеп көрді.


мектеп білім онлайн оқыту

Хабарламаларға жазылу