Қашықтан оқу: Интернеті жоқ ауыл студенттері мен оқушылары қалай оқып жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашықтан оқу: Интернеті жоқ ауыл студенттері мен оқушылары қалай оқып жатыр?

06.09.2020

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасы аяқталды. Білім алудың мақсаты не? Сыни ойлай алуға үйрену, оқыған информацияны ой елегінен өткізіп, фактілерге күмән келтіре алу, оның ішінде өзіңнің пайымыңның дұрыстығына күмән келтіру. Және дискуссияда болу. Ғалымдардың тұжырымын оқысақ, қысқаша осылай. Ал қазіргі жағдайда мүмкін бе? Жұмсартып айтқанда қиын... 

Түрлі платформаларда онлайн оқу «әу» дегеннен болмай қалып жатқанын ата-аналар жазып жатыр. Ал хат-хабар алмасып оқу деген... білім беру орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы айтпақшы: «WhatsApp-пен оқу – оқу емес». Иә, тағы бір өңезі жарылған жара – цифрландыру барысы. Онсыз даму болмайтыны ап-анық көрінді. Сондай-ақ, 100 процент дерлік интернетпен қамтамасыз ету деген бар да, оның күші қаншалықты деген бар.

Оқушылардың білімге құштарлығын, рухын өлтіріп алмауға мұғалімдер мен ата-аналардың өздері бар күшін салмаса болмайын деп тұр. «Ұйықта» десе де, көрпенің астында қолшаммен кітап оқитын бала көп емес-ау. Ақерке Бектастың материалы. 

Хабарламаларға жазылу