Атырауда 2 мыңнан астам оқушы өзге мектепке ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 2 мыңнан астам оқушы өзге мектепке ауыстырылды

24.02.2023

Атырау қаласындағы №30 мектеп-гимназияның төбесінен су әлі сорғалап тұр. Апатты мектепте оқу мүмкін емес, сондықтан балалар өзге білім ошақтарына ауыстырылып жатыр. Бұған дейін аралас мектептің 2075 оқушысы онлайн режимде білім алған. Ата-аналар бұған наразы болды. Енді бастауыш сынып №20 мектеп-лицейіне, жоғары сынып №8 мектепке ауыстырылды. Алайда, тағы бірнеше сынып оқушыларына оқитын жер керек. Білім ошағында 150 мұғалім бар. Ғимратты бастан аяқ жөндеу жоспарланып отыр. Сараптама жасалады.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу